Бейбітшілік саласындағы биылғы Нобель сыйлығы Венесуэла Үкіметінің қарсыласы Мария Корина Мачадоға берілді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бүгін, 2025 жылдың 10 қазанында Нобель комитеті Венесуэланың оппозициялық саясаткері Мария Корина Мачадоға Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілгенін мәлім етті.
Нобель комитеті Мария Корина Мачадо Венесуэлада үнемі артып келе жатқан авторитаризм жағдайында демократия үшін күресті басқарғаны үшін таңдалғанын айтты.
Мачадо Нобель комитетіне марапаты үшін алғыс айтып, оны жалпы қоғамның жетістігі деп атады.
Мачадо сыйлыққа Ол 11 миллион швед кронын (шамамен 1,2 миллион доллар) алады. Сыйлық 10 желтоқсанда Ослода тапсырылады.
Айта кетейік, Мария Корина Мачадо 1967 жылы Венесуэлада дүниеге келген. Былтырғы президенттік сайлауға қатысуға тыйым салған 58 жастағы белсенді бүгінде Венесуэлада жасырынып жүр.
















