Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин «Вашингтон Тайваньның сепаратистік әрекеттерін қолдауды тоқтатуы керек» деп мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Global Times басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мао Нин Тайваньның жоғары лауазымды тұлғаларының Вашингтонға жуырдағы жасырын сапарынан кейін АҚШ-тың Тайвань мәселелеріне барынша сақ болуы керектігін, Бейжің Вашингтон мен Тайвань арасындағы кез келген ресми байланысқа үзілді-кесілді қарсы екенін айтты.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі АҚШ басшыларынa Тайвань мәселелері бойынша міндеттемелерін еске салып, бұл ұстаным Бейжің үшін дәйекті екенін баса айтты.
Global Times басылымының мәліметінше, Тайвань басшылары Линь Цзя-лун мен Джозеф У өткен аптада АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігімен келіссөз жүргізу үшін Вашингтонға жасырын түрде барған.
Қытай бұған дейін Оңтүстік Корея мен Жапонияның заң шығарушыларын Тайваньға сапар шегіп, Тайваньжаңа президентінің инаугурациясына қатысқаны үшін айыптаған еді.
Тайваньның жаңа президенті Лай Циндэ инаугурациясы кезінде сөйлеген сөзінде Қытайды тәуелсіздігін сақтау үшін қауіп-қатерді тоқтатуға және Тайвань халқының таңдауын құрметтеуге шақырды.
Бейжің Циндэні сенімді сепаратист ретінде қарастырады.
Қытай билігі Тайваньды өз аумағының ажырамас бөлігі санап, аралды Бейжің басқаруы керек деп талап етеді.



















