Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженков Таяу Шығыстағы жағдай мен қақтығыс Еуропа үшін апатты салдарға толы екенін ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Максим Рыженков «Бірінші ақпарат» телеарнасына берген сұхбатта: «Бұл қақтығыстың әлдеқайда апатты салдары болады, өйткені Еуропа елдерінің ресурстары аз, тіпті көптеген салада іс жүзінде жоқ екенін ескерсек, бір жерге ақша салып, қандай да бір жолмен жұмыс күшін тартып, қандай да бір ресурстарды тартуы керек. Әрине, бұл арналардың барлығын жабу өте күрделі сынақ болады”, — деді.
Айта кетейік, сионистік режим мен Америка басшылары өздерінің арам ниеттерін бірнеше рет мәлімдеп, Ирандағы билікті өзгерту туралы талпыныстарын ашық айтты.
Мұндай мәлімдемелер сионистік және америкалық лаңкестердің Иранға қарсы агрессиясынан кейін арта түсті.
Еске салайық, 2025 жылы 13 маусым, жұма күні таңертең сионистік режимнің Теһран мен Иранның бірқатар қаласына жасаған лаңкестік әрекетінен кейін осы елдің көптеген әскери қолбасшылары, ғалымдары мен бейбіт тұрғындары шәһид болды.
















