Неміс заңгерлері Халықаралық қылмыстық соттың Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қамауға алу туралы шешімін қолдап, Германия Үкіметін осы шешімге қатысты халықаралық заңдарды құрметтеуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, танымал 77 неміс заңгері бірлескен мәлімдеме жасап, Германия Үкіметінен Халықаралық қылмыстық соттың Беньямин Нетаньяхуды қамауға алу туралы шешіміне байланысты халықаралық заңдарды құрметтеуді талап етті. Олар Нетаньяхудың Германияға сапарын еліндегі қолданыстағы заңдар мен ережелерді бұзу деп атады.
Сонымен қатар, неміс заңгерлері БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Франческа Албанезенің лекциясын тоқтатқан Германия университеттерінің әрекетін айыптады.
Германиядағы Христиан-демократиялық одақтың канцлерлікке үміткері Фридрих Мерц Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағы бірлесіп өткізген парламенттік сайлаудағы жеңісінен кейін тілшілер алдында сөйлеген сөзінде Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, егер ол Германияға сапармен келген жағдайда оны тұтқындамаудың жолдарын қарастыратынына уәде бергенін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, 2024 жылдың қараша айында Халықаралық қылмыстық сот Палестина аумағында жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен осы елдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алу туралы ордер берді.



















