Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы бітімгершіліктен кейін, Берлин Тегеранмен келіссөзді қайта бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Германия канцлері Фридрих Мерц мәлімдеді.
Сондай-ақ, Германия канцлері Фридрих Мерц Израильдің Ливандағы әскери шабуылдарды жалғастыруы бейбіт келіссөзге қауіп төндіруі мүмкін екенін баса айтты.
Фридрих Мерц журналистерге берген сұхбатында: «Біз ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейін Тегеранмен келіссөздерді қайта жандандырып жатырмыз»,- деді.
Германия канцлері Иранмен байланыс орнату мәселесінде Америка Құрама Штаттары және еуропалық одақтастарымен бірлесіп әрекет ететінін айтты.
Айта кетейік, соңғы жылдары Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алауыздық Германия мен Иран қарым-қатынасына сызат түсірді.
2024 жылы Иран билігі Германия мен Иранның қос азаматтығы бар тұлғаны өлім жазасына кесті. Бұған жауап ретінде Берлин Ирандағы үш консулдығын дерлік жауып тастады. Содан бері екі ел арасында жоғары деңгейдегі келіссөз тоқтады. Соңғы ресми кездесу 2025 жылдың жазында өтті.


















