АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Парсы шығанағының барлық елі Иранмен келісімге қол жеткізгісі келетінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Трамптың Иранмен соғыстағы қате саясаттарын сынап: «Парсы шығанағының барлық елі Иранмен келісімге қол жеткізгісі келеді, өйткені олар өз көздерімен көргендей, біз оларды міндетті түрде қорғай алмайтынымызды түсінеді.
Иранға қарсы соғыс ертең-ақ аяқталуы мүмкін және аяқталуы да тиіс», – деп баса айтты.
Оның айтуынша, АҚШ қазір Трамп қалыптастырған өте қиын жағдайда тұр.
















