Болгария 1 сәуірден бастап алғаш рет Ресей азаматтарына шенген визасын бере бастайды.
Бұл туралы ТАСС агенттігі Болгарияның Мәскеудегі Елшілігіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, виза алуға өтінішті 1 сәуірден бастап Болгарияның Мәскеудегі Елшілігінің Консулдық бөліміне және Санкт-Петербургтегі Бас консулдықта беруге болады.
Сонымен қатар, Елшілік ресейлік туристерге 2024 жылғы 31 наурызға дейін берілген С типті қысқа мерзімді визаларды Болгария және Румыния мен Кипр сапарларына 90 күнге дейін мерзімде пайдалана алатынын нақтылады.
Елшіліктің мәліметінше, 31 наурыздан кейін берілген 90 күннен астам тұруға рұқсаты бар D типті ұзақ мерзімді визалар Шенген келісімінің басқа елдеріне қысқа мерзімді сапарлар үшін мүмкіндік береді.
2023 жылғы желтоқсан айының соңында Еуропалық Одақ кеңесі Болгарияны Шенген аймағына енгізуді мақұлдады.



















