Ресейлік экономист Светлана Фрумина BRICS-тің алдағы онжылдықта өзінің артықшылығын көрсететінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, мұндай пікірмен Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің доценті, экономика ғылымының кандидаты Светлана Фрумина IRNA агенттігіне берген сұхбатында бөлісті.
Светлана Фруминаның айтуынша, BRICS Bridge-тың іске қосылуының арқасында өзара тауар айналымы айтарлықтай артуы мүмкін. Жаңа цифрлық есеп айырысу және төлем жүйесі аясындағы бірлестікке қатысушылар батыстың санкцияларынан тәуелсіз болады.
Светлана Фрумина: «BRICS-тің кеңеюі оның ЖІӨ бойынша да, әлемдік сауда көлемі бойынша да әлемдік экономикалық кеңістікте ұлғаюына әкеледі. 2024 жылдың 2 тоқсанында бірлестік экономикаларының орташа өсу қарқыны макроэкономикалық күйзелістердің күшеюіне қарамастан 3,1 пайызды құрайды. Тұрақты өсімді Үндістан 6,7 пайыз, Қытай 4,7 пайыз және Ресей 4,1 пайызбен қамтамасыз етіп отыр.
Бір Ресейдің өзі 2023 жылы BRICS елдерімен тауар айналымын 294 миллиард долларға немесе 2,5 есеге арттырды. Дамушы нарықтарға бағытталған трансшекаралық сауда көлемінің ұлғаюын ескере отырып, BRICS -тің әлемдік экономикадағы рөлі де артып келеді. Ресей Банкінің болжамы бойынша, 2032 жылға қарай экономикасы дамушы елдер арасындағы ішкі сауда 26-дан 32 пайызға дейін өседі.
Қарама-қарсы көріністі Еуропалық Одақ елдерінен байқауға болады. Олардың экономикаларының өсу қарқыны 2024 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 0,6 пайыздан сәл асып түсті. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштерден едәуір төмен.
Еуростаттың мәліметтері бойынша, 2023 жылы Еуропалық Одақ тауарларының әлемдік саудасы айтарлықтай төмендеп, одақ елдері ішкі нарыққа қайта назар аударды. Сондықтан BRICS ұсынылған инновацияларды енгізуді ескере отырып, алдағы онжылдықта өзінің артықшылығын көрсетеді деп ойлаймын.
2023 жылы ЕО тауарларының еуроаймақтан тыс елдерге экспортының ең үлкен үлесі, яғни 28 пайызды экономикасы тоқырауға ұшыраған Германияға тиесілі.
BRICS елдерінің тауар айналымы ЕО елдеріне қарағанда артып келеді. Росконгрестің мәліметі бойынша, тауар ағындары бірлестік ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де өсуде.
BRICS Bridge іске қосылуының арқасында өзара сауда айналымы айтарлықтай артуы мүмкін және жаңа цифрлық есеп айырысу-төлем жүйесі шеңберіндегі бірлестікке қатысушылар батыстық санкциялардан тәуелсіз болады.
BRICS сонымен қатар әлемдік мұнай өндірудің 40 пайыздан астамын және әлемдік шикізат экспортының шамамен 25 пайызын қамтамасыз ете отырып, әлемдік табиғи ресурстар нарығында да үстемдік етеді.
BRICS шеңберіндегі өзара әрекеттестікті нығайтуға қатысушылардың сұраныстарына бейімделген және оған әлемдік қаржы нарығында бәсекеге қабілетті жаңа RICS Cross-Border Payment Initiative (BCBPI) трансшекаралық төлем инфрақұрылымын құру бастамалары оң әсер етеді.
Неғұрлым қауіпсіз және саясаттандырылмаған төлем жүйесінің ұсынылып отырған трансформациясы ұлттық валютадағы төлемдерге баса назар аудара отырып, бұл елдерге Батыс елдерінің санкциялары мен субъективті шешімдерін ескермей төлем операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, BRICS Clear депозитаралық платформасы да қаржы нарығына қатысушылармен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Ұсынылған барлық бастамалар жоғары технологиялық, инклюзивті және елдер арасындағы әділ қаржылық қатынастарды қамтамасыз етуге қабілетті»,- деді.



















