Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Стефан Дюжаррик Ұлыбритания, Аустралия және Канаданың Палестина мемлекетін мойындау туралы шешімін құптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Стефан Дюжаррик үш елдің бұл қадамын қолдап, мұның осындай қиын сәтте «екі мемлекет» шешіміне деген үмітті сақтауға көмектесетін маңызды қадам екенін баса айтты.
Кеше, 21 қыркүйек күні Ұлыбритания, Аустралия және Канада Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде ресми түрде мойындады.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер елінің бейбітшілікке деген үмітті ояту мақсатында Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындайтынын мәлімдеді.
Канада премьер-министрі Марк Карни елінің 1947 жылдан бері іргелес өмір сүретін екі мемлекетті шешімді жақтап келетінін айтып, Оттаваның Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде тану туралы шешімін жариялады.
Сонымен қатар, Аустралияда тәуелсіз әрі егемен Палестина мемлекетінің ресми түрде танылғаны туралы осы елдің премьер-министрі Энтони Альбанезе мәлімдеді.



















