Иран және еуропалық үш елдің Сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясы аясында Нью-Йоркте келіссөз жүргізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи “Үлкен жетілік” құрамындағы Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдерімен Нью-Йоркте кездеседі.
Иранның Германия, Франция және Ұлыбританиямен келіссөзі Нью-Йоркте Сыртқы істер министрлері деңгейінде Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың қатысуымен бүгін дүйсенбі немесе ертең сейсенбі күні өтеді.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи кеше, жексенбі күні таңертең Тегераннан Нью-Йоркке ұшып кетті. Арақчи Нью-Йорк қаласында Президент Масуд Пезешкиан және Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайимен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясына қатысады.




















