АҚШ Орталық қолбасшылығы СЕНТКОМ Иран айлақтарына баратын кемелерді ұстап, теңіз қоршауын күшейту үшін аймаққа 20-дан астам соғыс кемесін орналастырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, СЕНТКОМ Тегеранға қарсы қоршауды қолдау мақсатында Батыс Азияда 20-дан астам әскери кеменің орналастырылғанын мәлім етті.
АҚШ лаңкестік күштерінің Орталық қолбасшылығы СЕНТКОМ Иранды теңізден бұғаттау қайта басталғаннан бері 55 сауда кемесінің бағытын бұрып, екі кемені істен шығарғанын, сонымен бірге гуманитарлық көмек тасыған 30-дан астам кемеге өтуге рұқсат бергенін хабарлады.
АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық теңізшілер Таяу Шығыстағы АҚШ әскери операцияларына қолдау көрсететін теңіз күштерінің құрамындағы USS Ross басқарылатын зымырандық эсминецінің бортында әрекет еткенін хабарлады. Бұл кеме Иранды бұғаттау міндеттерін қоса алғанда, өңірде орналастырылған 20-дан астам америкалық әскери кемелердің қатарына кіреді.
CENTCOM бұл әрекеттерге қатысқан коммерциялық кемелердің атауларын ашпады.
Айта кетейік, Иран мен АҚШ арасындағы теңіздегі шиеленіс АҚШ пен Израиль лаңкестік режимінің Иранға қарсы шабуылдары басталғаннан кейін күшейе түсті.
АҚШ осы қақтығыстардың жалғасы ретінде Иран айлақтары мен жағалауларына теңіз қоршауын енгізетінін хабарлап, Иран айлақтарымен байланысты кемелерді ұстау үшін аймаққа өз күштерін орналастырды.
Иран қарымта әрекетте АҚШ-тың бұл ісін жауластық қадам және атысты тоқтату келісімін бұзу деп атады. Сонымен қатар, Ормұз бұғазын толық ашу теңіз қоршауын тоқтатуға, әскери қатерлерді жоюға және санкцияларды алып тастауға байланысты екенін баса айтты.
Иран өзі қойған шарттар орындалмайынша, Ормұз бұғазындағы кеме қатынасы бағыттарын ашу бойынша түпкілікті шешім қабылданбайтынын мәлімдеді.














