Кеше, маусымның 7, жұма күні Копенгагенде Дания премьер-министрі Метте Фредериксенге еуропалық сайлау науқаны қызған шақта шабуыл жасалды. Бұл туралы Еуразия Тудей Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Хабарламада: «Дания астанасындағы Культорвет алаңында премьер-министр Фредериксенге ер адам шабуыл жасады. Шабуыл жасаған адам ұсталды. Фредериксен шабуылға қатты таң қалды», — деп жазылған.
Бірақ осы хабарда шабуылдың жай-жапсары мен премьер-министрдің зардап шеккен, шекпегені туралы айтылмады.
BBC хабарлауы бойынша Еуропарламент сайлауы осы аптада, бейсенбіден жексенбіге дейін өтеді. Әртүрлі елдер әртүрлі күндері дауыс береді. Данияда сайлау учаскелері жексенбі күні ашылады.
Sky News хабарлағандай, Фредериксен ханым соңғы апталарда үгіт науқанында белсенділік танытқанымен, бірақ жергілікті БАҚ бұл оқиғаның науқанға қатысы жоқ деп хабарлады.












