Иран Ислам Республикасының СІМ басшысы Әли Бақери бүгін, дүйсенбі күні таңертең Ресейдің Нижний Новгород қаласына ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресейдің Нижний Новгород қаласында өтетін БРИКС елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Нижний Новгород қаласына келген Әли Бақериді Ресей шенеуніктері мен осы елдегі Иран елшісі Казим Джалали қарсы алды.
Бұл Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі БРИКС-тің ресми мүшесі ретінде қатысып отырған алғашқы саммиті болмақ.
Бүгін Ресейдің Нижний Новгород қаласында БРИКС-ке мүше елдер СІМ басшыларының кездесуі басталады.
БРИКС-ке мүше елдер СІМ басшыларының екі күндік кездесуіне ұйымның қазіргі төрағасы Ресей ұйымға мүше елдермен қатар әлемнің әртүрлі аймақтарынан да бірқатар елдердің үлкен тобын шақырды. 10-11 маусым күндері өтетін саммитке 20-25 ел қатысады деп күтілуде.
Шара барысында жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде халықаралық қатынастардағы шынайы көпжақтылықты нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігер аясында пікір алмасу жоспарлануда.
1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясы БРИКС төрағасы болып табылады.
Еске сала кетейік, Ресей 5-8 маусым аралығында Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумын (SPIEF) өткізді.



















