Макран жағалауының бойында орналасқан Дарак ауылы ресми түрде Иранның ғана емес, әлемнің ең бірегей туристік нысандарының бірі ретінде танылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Дарак ауылы жағажайлардың төрт түрі мен мұхит айдынына ұласқан шөл шағылдарының бірегей үйлесімі үшін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілуге ұсынылуда.
Систан және Балучистан провинциясының оңтүстігінің Зарабад қаласындағы Дарак ауылы ең таза әрі көрікті жағалаудың иесі саналады.
Бұл мекеннің басты ерекшелігі — биік құм шағылдарының Үнді мұхитының лазурлы суларымен тікелей іргелес жатуы мен теңізге жақын маңда тұщы су көздерінің болуында.
Дарак аймағының негізгі табиғи байлықтарына теңіз бен құрлықтың тоғысында өсетін ерекше экожүйе – мангро ормандары, аумағы 52 гектарды және ұзындығы 6 шақырымды құрайтын Чак-Бини шығанағы, сондай-ақ бір қысқа қашықтықта құмды, тасты, маржанды және лайлы жағалау түрлері тоғысқан бірегей жағажайлар кешені жатады.
Таулар, ну ормандар мен пальмалар аясында созылып жатқан, тассыз, мұнтаздай таза құмды жағалаулар туристерді ерекше таңғажайып күйге бөлейді.
Систан және Балучистан облысындағы Дарак ауылының жағалауы Чабаһардың оңтүстігіндегі 170 км жерде Макран теңізінің жағалауы мен Зарабадтан 10 км қашықтықта орналасқан.












