«Wall Street Journal» газеті Сауд Арабиясы мен Кувейт әуе кеңістігін америкалық ұшақтар үшін ашты деп хабарлағанымен, Сауд Арабиясының ресми өкілдері бұл мәлімдемені теріске шығарды.
«Әл-Арабия» телеарнасы Сауд Арабиясының жоғары лауазымды тұлғасына сілтеме жасап, Корольдіктің шабуылдаушы әскери операцияларды қолдау үшін өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат бермегенін хабарлады.
Сонымен қатар, Эр-Рияд шиеленісті азайтуға ниетті екенін, Пәкістанның АҚШ пен Иран арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған келісімге қол жеткізу жолындағы талпыныстарын қолдайтынын мәлімдеді.
Сауд Арабиясының ақпарат көзі «Әл-Арабияға» берген сұхбатында америкалық ұшақтарға әуе кеңістігін ашу туралы хабарларға қатысты былай деді:
«Кейбір тараптар күмәнді себептермен Сауд Арабиясы Корольдігінің ұстанымы туралы жаңсақ түсінік қалыптастыруға тырысуда».
Wall Street Journal: «Сауд Арабиясы мен Кувейт АҚШ-тың Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру операциясы басталғаннан кейін енгізілген америкалық әскерилердің өз базалары мен әуе кеңістігін пайдалануына қойылған шектеулердің күшін жойды», — деп жазды.













