Венесуэланың Жоғарғы соты осы елдің вице-президенті Делси Родригесті ел президентінің міндетін атқаруға міндеттеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Николас Мадуро тұтқындалғаннан кейін Венесуэла Жоғарғы сотының шешімі бойынша Делси Родригес Венесуэла президентінің міндетін уақытша атқарады.
Конституциялық палата бұл шешімді басқару тоқтап қалмауы және әкімшіліктің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жылдам қабылдады.
Жоғары соттың қаулысында Родригес Венесуэла президентінің міндетін атқарып, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні айтылған.
Венесуэла вице-президенті Делси Родригес АҚШ-тан Николас Мадуроны дереу босатуды талап етіп, Венесуэла ешбір елдің отары болмайтынын баса айтты.
Айта кетейік, АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроға қарсы ауқымды операция жүргізді. Қазіргі таңда Мадуро мен оның жұбайы Нью-Йорк штатына жеткізіліп, уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Иран, Ресей және бірқатар басқа мемлекет Вашингтонның бұл әрекетін айыптап, бұл қадамның аймақтық тұрақтылық пен бүкіл халықаралық қатынас жүйесі үшін ауыр зардаптары болатынын ескертті.


















