Душанбеде Тәжікстан мен Қазақстан әйелдерінің қатысуымен «Әйелдер, қаржылық ресурстар және зорлық-зомбылықтан қорғау» атты форум өтті.
Еуразия Тудейдің «Ховар» сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша форумға екі мемлекеттің атқарушы және заң шығарушы органдарының басшылары, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктері саласындағы сарапшылар, ғалымдар, кәсіпкер әйелдер қатысты.
Көшбасшы әйелдер мен белсенділер өз тәжірибелері және пікірлерімен бөлісіп, түрлі тақырыптарды талқылады.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Тәжікстан мен Қазақстан әйелдерінің әлеуетін арттыру, ынтымақтастық және мәселелерді шешуде жаңа ортақ негіздерді іздеуге жәрдемдесу алаңына айналды.
















