Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді.
Еуразия Тудейдің РФ Үкіметі сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша Үкімет басшылары 4-5 маусымда ТМД аясында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.
ТМД-на мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын дамыту тұжырымдамасын, ТМД-на қатысушы мемлекеттердің әуе қозғалысын басқарудың ұлттық жүйелерін үйлестіру тұжырымдамасын, ТМД-на қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы тұжырымдамасын бекіту, сондай-ақ ТМД-на қатысушы мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіпті дамыту саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қою жоспарлануда.
Сондай-ақ, волонтерлар қозғалысын дамытудың құқықтық негіздерін құруды көздейтін ТМД волонтерлік форумы туралы ережені қабылдау жоспарлануда.












