Иран жақын арада Ресей газын Әзербайжан арқылы жеткізуді бастайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Ресейдегі елшісі Казем Джалали ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Джалали: “Ресей газын жеткізу жақын арада жүзеге асады деп үміттенеміз. Біз қазіргі уақытта «Газпроммен» газ тасымалдау бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінде барлық мәселе шешілді. Бірақ біз баға туралы келісуіміз керек. Бұл мәселе де шешілсе, бәрі іске қосылады”,- деді.
Айта кетейік, Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилев Ресей мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысында жыл соңына дейін Иранға 1,8 миллиард текше метрге дейін газ жеткізу жоспарланғанын мәлімдеді. Сергей Цивилевтің айтуынша, Мәскеу мен Тегеран қаңтар айында Ресей газын Иранға Әзербайжан арқылы жеткізу туралы келісті.
















