Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчиді қабылдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бүгін 30 шілдеде Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Душанбеге сапармен келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчиді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Өзара тиімді байланысты кеңейту үдерісіне, соның ішінде жоғары деңгейде өткен кездесулер мен келіссөздердің нәтижелерін іске асыру тұрғысынан қанағаттанушылық білдірілді.
Басты назар сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне аударылды.
Тараптардың энергетика, өнеркәсіп, халықаралық тасымалдау, ауыл шаруашылығы, ғылым және технология, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілігі айтылды.
Сондай-ақ, тараптар өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.












