Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды өзіне қолайлы уақытта Тәжікстанға сапармен келуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясы аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианмен кездесудің соңында мәлімдеді.
Кездесуде тараптар Тәжікстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселесін талқылады.
Президент Эмомали Рахмон Иран Ислам Республикасымен достық және бауырластық қарым-қатынастың, өзара тиімді ынтымақтастықтың айтарлықтай дамып, кеңейгеніне тоқталып, соны нығайту үшін алдағы уақытта да бірлескен практикалық шараларды қабылдауға әзірліктерін мәлімдеді.
Кездесуде экономика мен сауданың басым салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми-білім беру саласындағы байланысты кеңейтуге және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды нығайтуға көп көңіл бөлінді.
Жоспарларды дәйекті жүзеге асыру үшін екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бағдарламасы, Бірлескен үкіметаралық комиссия аясындағы практикалық ынтымақтастық және Бірлескен инвестициялық комитеттің мүмкіндіктерін тарту маңызды деп аталды.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан жексенбі, қыркүйектің 22 күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке келді.












