Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Нью-Йорк қаласына аттанды.
Тәжікстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша 18 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы және «Орталық Азия-АҚШ» мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына аттанды.
Бұл сапарда Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен бірге Сыртқы істер министрі, Тәжікстан Республикасы Президентінің сыртқы байланыстар жөніндегі көмекшісі, Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі және басқа шенеуніктер бірге барды.


















