Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша 28 тамызда Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады.
Тараптар кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сипаттағы мәселелер, сондай-ақ екі елдің осы салалардағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы ынтымақтастығы тақырыбын талқылады.
Кездесу соңында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон ХХІ ғасырдағы Орталық Азияны дамыту жөніндегі Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа ол қойды.
Аталған құжатты кешенді түрде жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жұмыс өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету мен нығайтудың факторына айналатыны баса айтылды.
Айта кетейік, Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамыту жөніндегі Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері 2022 жылғы 21 шілдеде Шолпон-Ата қаласында қол қойды. Тәжікстан мен Түркіменстан сол кезде қол қоюдан қалыс қалған болатын.
















