Кеше, 6 маусымда Сауд Арабиясында Иран елшісінің қатысуымен елшіліктің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
ISNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиян Эр-Риядтағы Иран елшісінің уақытша жетекшісімен телефон арқылы сұхбаттасып, Сауд Арабиясының астанасында елшілік пен Джиддада Бас консулдықтың ашылу салтанатына дайындық жағдайымен танысқан.
Эр-Риядта Иран елшілігінің ашылуымен қатар Иранның Джиддадағы Бас консулдығы және Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Ислам Республикасының Тұрақты өкілдігі де жұмыс істей бастады.
Айта кетсек, 22 мамырда Әлиреза Инаяти Сауд Арабиясы үкіметіне Иранның елшісі ретінде таныстырылды. Ол Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі және Парсы шығанағы елдері департаментінің директоры болған. Сондай-ақ Әлиреза Инаяти Кувейтте Иранның елшісі болған.



















