Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжан Президентінің арнайы шақыруымен Нахичеваньға ресми сапармен барды.
Режеп Тайып Ердоғанды Нахичеваньдағы халықаралық әуежайында Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің өзі қарсы алды.
Сапар аясында Режеп Тайып Ердоған мен Ильхам Әлиев Ыгдыр- Нахичевань газ құбырының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Бұл жоба табиғи газды Түркиядан Нахичевань қаласына, сондай-ақ Әзірбайжанның басқа да аймақтарына жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Ердоған мен Әлиев бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойды, соның ішінде Карс-Нахичевань теміржол жобасы бойынша хаттама, Түркияның Кахраманмараш провинциясында тұрғын үй, мектеп, балабақша және мәдени орталық салу бойынша ынтымақтастық туралы келісім бар.
Түркия Президенті Әкімшілігінің байланыс басқармасы мәліметінше, сапар барысында Режеп Тайып Ердоған Нахичеваньда әскери-өндірістік кешеннің ашылуына қатысады.
Бұған дейін екі ел президенттері маусым айында Бакуде кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылаған болатын.
Биыл Әзірбайжан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 6 миллиард долларға жақындады.



















