Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Вашингтонда өткен НАТО саммиті аясында Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесті.
Еуразия Тудейдің Президенті әкімшілігі жанындағы коммуникациялар кеңсесінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, кездесуде Түркия мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынас, Украина-Ресей соғысы және Израильдің Газаға жасаған шабуылдары талқыланды.
Ердоған кездесуде Израильге Газаға шабуылдары мен атысты тоқтату мүмкіндігін жібермеу үшін қысым жасау керектігін, қақтығыстардың аймаққа таралуына жол бермеу үшін күш-жігерді арттыру қажеттігін баса айтты.
Ердоған сонымен қатар Германияның Түркияның Еуроодаққа кіру үдерісінің жандануына қолдау көрсететінін күтетінін де мәлімдеді.
Айта кетейік, шілденің 9-11 күндері Вашингтонда НАТО-ның 75 жылдығының саммиті өтті.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған шілденің тоғызы күні НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа аттанды.
Ердоған Вашингтонда НАТО саммиті аясында Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен де кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты, Түркияның Еуропалық Одаққа кіру үдерісі мен жаһандық мәселелерді талқылады.
















