Армения Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян мен Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчидің кездесуі өтті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша кездесудің егжей-тегжейі әлі жарияланған жоқ
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи армяндық әріптесінің шақыруымен кеше, наурыздың 24, дүйсенбі күні Армения Республикасына ресми сапармен келді.
Сейед Аббас Арақчиді Ереванда Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян қарсы алды. Министрлер жұмыс бабымен өткен кешкі аста пікірлесті.
Арақчи сапар барысында Армения Сыртқы істер министрімен кеңесумен қатар, осы елдің Премьер-министрімен және басқа да ресми тұлғаларымен кездесіп, екіжақты қарым-қатынас пен Кавказ аймағындағы маңызды оқиғаларды талқылап, пікір алмасады.
Арақчидің Ереванға сапары Иран Ислам Республикасының көршілес мемлекеттермен екіжақты қарым-қатынас пен аймақтағы оқиғаларға қатысты үздіксіз кеңесулері аясында жүзеге асты.












