Ереванда Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчидің “Келіссөздер күші” атты кітабының армян тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті.
Еуразия Тудейдің Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Армения Сыртқы істер министрлігінде Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчидің “Келіссөздер күші: саяси және дипломатиялық келіссөздердің принциптері мен ережелері” атты кітабының армян тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті.
Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян шара барысында сөйлеген сөзінде: “Арақчидің кітабының министрлікте таныстырылуы кездейсоқтық емес. Бұл Армения мен Иран арасындағы өзара түсіністіктің, келіссөздер күшінің маңыздылығын және екі ел арасындағы достықтың дәлелін білдіреді.
Министр Аракчидің кітабы дипломатияның халықаралық және аймақтық мәселелерді шешудің тиімді тәсілі екенін тағы дәлелдейді. Мен бұл тәсілді толығымен құптаймын.
Арақчи кітабында дипломатияның жеңіске жетудегі ойын еместігін, бұл қарама-қарсы адамды түсінудегі қажет процесс екенін сөз етеді. Менің ойымша, бұл — негізгі әрі басты ұстаным. Оны жүзеге асырмайынша, дипломатиялық шешімдерді күту және іздеу мүмкін емес.
Кітап келіссөздер барысын техникалық тұрғыда сипаттап қана қоймай, дипломатияның психологиялық, саяси, ұлттық және мәдени жиынтығын талдайды. Автор оқырманды келіссөздер барысы және олардың ерекшеліктерімен таныстырады.
Кітаптың армян тіліндегі аудармасы армян жастары мен дипломаттарына келіссөз жүргізу дағдылары саласындағы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Министр Арақчиге жаңа шығармашылық табыс тілеймін”, — деді.
Бұл кітаптың алғы сөзін Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян жазған.
















