БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) Иран Үкіметінің күш-жігері аясында биыл осы елде астық өндірісінің одан әрі өсетінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ФАО есебінде Иранда астық өндірісі 2024 жылы 20,1 миллион тоннаға жетеді деп көрсетілген.
ФАО есебіне сәйкес, 2024 жылы Иранда бидай өндірісі 13,5 миллион тоннаға жетеді. Ал күріш өндірісі 18 пайызға артып, 2,6 миллион тоннаға жетеді деп болжанған.
БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметтері бойынша, Иран Азия елдері арасында астық қоры бойынша Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орында. Ал бидай өндіру бойынша Иран Қытай, Үндістан, Пәкістан және Түркиядан кейін бесінші орында.
Баяндамада Иранның санкцияларға қарамастан, негізгі тауарлардың импортына тәуелділікті азайту саясатын қабылдағаны айтылған.
2023 жылдың мамыр айында ФАО Иран халқының саны әлем елдері бойынша 17-ші орында болғанына қарамастан, азық-түлік импорты бойынша әлемде 43-ші орынға ие болғаны туралы есебін жариялады.


















