Франция халқының бір тобы кеше, жексенбі күні Парижде жиналып, сионистік режимнің Ливан мен Газаға қылмыстық шабуылдарына қарсы шеруге шықты.
Еуразия Тудейдің NBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, наразылар Париждің Республика алаңына жиналып, қолдарына Ливанның туы мен «Тап қазір атысты тоқтатыңдар!», «Тарт қолыңды Ливаннан!» деген жазулары бар плакаттар ұстап шықты.
Париждегі наразылардың тағы бір тобы да қолдарына «Газадағы геноцидті тоқтатыңдар!» және «Израильге бойкот жариялаңдар!» деген жазулары бар баннерлер ұстады.
Жұма күні кешке сионистік армия Бейруттің оңтүстік шетіндегі аудандарға қылмыстық шабуылдар жасап, соның салдарынан Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейед Хасан Насролла шәһид болды.
Бейруттың оңтүстік шетіндегі шабуылдар сенбі күні де жалғасты.
Осы шабуылдан кейін Ливанның исламдық қарсыласуы басып алынған жерлердегі әскери позициялар мен сионистер қоныстанған елді мекендерді нысанаға алып, зымырандармен шабуыл жасады.
Бүгін таңертең Хезболланың зымырандық шабуылдарының соңғы толқынында басып алынған аумақтардың солтүстігіндегі Тиберия аймағына бес зымыран атылды.
















