Футболдан Иран мен Өзбекстанның ұлттық құрамалары кездесіп, 2:2 есебімен ойынды аяқтады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі үшінші раундтың 8-туры аяқталды. Бұл турда Иран мен Өзбекстан құрамалары Тегеран қаласында кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті.
Ойынның 16-минутында Хаджимат Эркинов есеп ашты. Екінші таймда ирандық спортшы Меһди Тареми гол соғып, таразы басын теңестірді.
Алайда, Аббосбек Файзуллаев ойынның 53-ші минутында гол соғып, тобын қайта алға шығарды. Көп ұзамай ойынның 83-минутында Тареми дубль жасап, ойынды теңестірді.
Ойын нәтижесінде Иран 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.
“А” тобындағы Иран командасы 20 ұпай жинады. Өзбекстан 17 ұпаймен екінші орынға орналасты.
“А” тобында Иран, Өзбекстан, БАӘ, Қатар, Қырғызстан және Солтүстік Корея бар.

















