Иранның футзалдан ұлттық құрама командасы Азия чемпионатында 14-ші мәрте жеңіске жетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның футзалдан ерлер құрамасы Индонезияда өткен Азия елдері кубогының финалдық матчында осы елдің құрамасымен кездесіп, 2026 жылғы футзалдан Азия кубогын он төртінші мәрте жеңіп алу мүмкіндігіне ие болды.
Иран құрамасы мен Индонезия командасы сенбі күні ойынды 4:4 есебімен тең аяқтады. Алайда, Иран құрамасы пенальти сериясында индонезиялықтарды 5:4 есебімен тізе бүктіріп, Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, Индонезия командасы бейсенбі күні жартылай финалда Жапонияны 5:3 есебімен жеңіп, финалда Иранмен кездесуге мүмкіндік алған болатын. Индонезияда 27 қаңтар күні басталған аталмыш дода сенбі, 7 ақпан күні аяқталды.
















