Иврит тілінде шығатын «Гаарец» басылымы аймақ елдерінің АҚШ-қа сенімінің төмендегенін, олардың енді Иранға қарай бет бұра бастағанын жазды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, еврейлік «Гаарец» газеті Иранға қарсы соғыс аймақ елдерінің америкалықтарға сенімін азайтқанын хабарлады. Олар қазіргі уақытта Израильге аймақты үлкен шығын әкелетін қақтығыстарға сүйреуші фактор ретінде қарауда.
Парсы шығанағындағы араб елдері енді АҚШ-қа арқа сүйей алмайтындарын түсінді. Олар қазір жаңа қорғаныс одақтарын, соның ішінде Иранмен де серіктестік орнату жолдарын іздестіруде.
Бұл тұрғыда Israel Hayom газеті де былай деп жазды: «Ең алаңдатарлық жайт — соғыс барысында Иранның күш-қуаты артып, ал Израиль мен АҚШ-тың әлсіреуі. Тель-Авив соғыс кезінде Иран режимі құлайды деген қиялға бой алдырғанымен, ойлары іске аспады».












