Гарвард университеті АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсіріп, университетке бөлінген мемлекеттік қаражатты тоқтату туралы шешімнің күшін жоюды талап етті.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Гарвард университетінің ресми сайтында жарияланған университет ректоры Алан Гарбердің мәлімдемесінде айтылған.
Гарбердің айтуынша, университет Дональд Трамп әкімшілігінің заңсыз талаптарын орындаудан бас тартқаннан кейін университетке қарсы шара қолданылып, Гарвардқа бөлінетін 2,2 млрд доллар мемлекеттік қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, Трамп Гарвард университетіне бөлген 1 млрд доллар қаржыны да кері қайтармақ.
Ректордың айтуынша, Гарвардты салық жеңілдіктерінен айыру мәселесі де қарастырылуда. Алан Гарбер бұл университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және медициналық қызметіне ауыр зиян келтіруі мүмкін екенін айтты.
Гарбер қаржыландыруды тоқтату заңға қайшы келетінін айтып, университеттің сотқа жүгінуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Шағым мәтінінде Трамп әкімшілігінің Гарвардты биліктің идеологиялық талаптарына бағынуға мәжбүрлеу үшін федералды қаржыландыруды тоқтату қаупін пайдаланғаны айтылған.
Трамп әкімшілігінің әрекетіне бірінші болып шағымданғандардың бірі — осы Гарвард университеті.











