Ресей мен Оман басшылары Мәскеуде өткен келіссөздер барысында Иранның ядролық бағдарламасын талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы кеше Ресей президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.
Юрий Ушаков журналистердің «Ресей Президенті Владимир Путин мен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ арасындағы Кремльде өткен келіссөздерде Иранның ядролық бағдарламасы талқыланды ма?” деген сұраққа “Иә” жауап берді.
Ресей президентінің көмекшісі сөзінің жалғасында: “Ресей бұл мәселе бойынша ирандық әріптестерімен тығыз байланыста”, -деді.
Оман Сұлтаны сейсенбі күні Ресей президентімен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Юрий Ушаковтың айтуынша, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф та осы аптада Мәскеуге келеді.




















