Сауд Арабиясының үкімет мүшелері өз отырысында Газа секторындағы атысты тоқтату бітіміне тез арада оралуға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының үкімет мүшелері сейсенбі күнгі отырысында Газа секторындағы атысты тоқтату келісіміне шұғыл оралу және гуманитарлық көмекті енгізу мен оның бейбіт тұрғындарға жеткізілуін қамтамасыз ету қажеттігін қуаттады.
Кездесуде Палестина мәселесін шешу және Сауд Арабиясы мен Францияның ортақ төрағалығымен екі мемлекет шешімін жүзеге асыру үшін өтетін конференцияға халықаралық қолдаудың артып келе жатқаны құпталды.
Сауд Арабиясы үкіметінің делегациясы кездесуде аймақтық және халықаралық оқиғалар мен дос және бауырлас елдермен ортақ ынтымақтастық перспективалары мен әртүрлі саладағы қолдауларды қарастырды.
ИРНА агенттігіндегі мәліметке сәйкес, Франция президенті Эммануэль Макрон Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен бірге израильдіктер мен палестиналықтардың саяси перспективасын жандандыруға көмектесетін екі мемлекетті құру шешіміне негізделген конференцияға төрағалық ететінін мәлімдеген болатын.
Ол: «Атысты тоқтату режиміне қайта оралу Газадан израильдік барлық тұтқынды босату және бейбіт тұрғындарды қорғау үшін өте маңызды» деді.
















