АҚШ Израильге құны төрт миллиард доллар болатын қару-жарақ сату келісімін мақұлдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Трамп әкімшілігі Конгрессті айналып өтіп, сионистік режимге құны төрт миллиард доллар болатын қару-жарақ сату туралы келісімді құптады.
Өткен жұмаға қараған түні АҚШ Сыртқы істер министрлігі Конгресстің бақылау механизмін айналып өтіп, Израильге ондаған мың әуе бомбасын, D9 бульдозерлері, бетон тесетін және бағыттау жүйесі бар бомбаларды қамтитын әскери техника мен заманауи қару-жарақ жеткізу туралы құны төрт миллиард доллар болатын келісімді мақұлдады.
АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, осы келісім аясында сионистік режимге 2026 жылы 35 мың бір тонналық бомба және баспаналарды тесу үшін қолданылатын төрт мың оқтұмсық жеткізіледі. 2027 жылы D9 бульдозерлері, ал 2028 жылы бес мың 500 келілік бомба берілетін болады.
“Едиот ахронот” есебінде бұл ауыр техникаларды жеткізу туралы келісімнің АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден тұсында тоқтатылғаны жазылған. Сондай-ақ, басылым АҚШ-тың Израиль алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі ретінде сионистік режимнің әскери артықшылығын сақтау және осы режимге аймақтық қауіптерге қарсы тұруға көмектесу үшін жоғарыда аталған келісімге қол қойғанын мәлімдеді.


















