Газа секторы мен Ливанға гуманитарлық көмек көрсетіп, әділ бітім орнату керек.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Реза Ареф мәлімдеді.
Мохаммад Реза Арефтің айтуы бойынша, Газа секторы мен Ливанның мазлұм халқының жағдайы алаңдатарлық.
Араб мемлекеттері лигасы және Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс бірлескен саммитіне қатысқан Иранның бірінші вице-президенті саммиттің Иранның ұсынысымен өткенін, Ислам және араб елдерінің басшылары бұған қолдау білдіргенін айтты.
Ирандық дипломат бұл саммитті сионистік режимнің үздіксіз агрессиясы жағдайында өткізу қажет болғанын және саммит нәтижесінде жақсы әрі жан-жақты қарар қабылданғанын мәлімдеді.
Ареф саммит мүшелерінің «Әлем сионистік режимді жазалау керек» деген қорытындыға келгенін айтып: «Газа секторы мен Ливанның мазлұм халқы алаңдатарлық жағдайда. Оларға гуманитарлық көмек беріп, әділ бітім орнату керек»,- баса айтты.

















