Израильдің Газа секторына үздіксіз шабуылдары салдарынан қаза болған палестиналықтардың саны 14532 адамға жетті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа үкіметінің баспасөз қызметі мен Денсаулық сақтау министрлігі осы секторда қаза тапқан 14532 адамның 6 мыңы бала, 3920 әйел екенін баяндады.
Газа үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Израиль шабуылдары мен бомбалауларының салдарынан 7 мыңнан аса адам іс-түзсіз жоғалып кеткен. Олардың 4700 мыңнан астамы – әйелдер мен балалар.
Айта кетсек, ХАМАС пен Израиль режимі 45 күндік қақтығыстан кейін ақырында 4 күндік атысты тоқтату бітімін жасады. Осы бітімге сәйкес келісім бойынша, екі тарап тұтқынға алынған әйелдер мен балаларды азат етеді. Кепілге алынғандарды босату кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп болжануда. Келісімге сәйкес, төрт күндік бітім кезінде Израиль режимінің ұшақтары 6 сағатқа Газаның оңтүстігі мен солтүстігіне шабуылдарын тоқтатады.
Тель-Авивтің сендіруінше, бұл кезде Газа секторында ешбір адамға шабуыл жасалмайды.
Осындай жағдайда мемлекеттік емес ұйымдар Газада төрт күнге бітім жариялаудың жеткіліксіз екенін баса айтуда.



















