Палестиналық Paltel компаниясы Газа секторындағы барлық теледидар мен интернет байланысын толығымен тоқтатқанын хабарлады.
«Біз Газа секторындағы барлық байланыс пен интернет қызметтерінің толық тоқтағанын өкінішпен хабарлаймыз. Бұрын қалпына келтірілген халықаралық байланыстар қайтадан өшірілді», — деді Paltel X әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемесінде.
Компания байланыстың тоқтау себептерін хабарлаған жоқ.
Еске сала кетсек, өткен аптада палестиналық Jawwal телекоммуникация компаниясы да Газа секторындағы байланыс пен интернет қызметтері ажыратылғанын хабарлаған болатын.
Кейінірек Палестинаның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Исхак Садр Израиль билігі халықаралық ұйымдардың тексерісіне қарамастан Газа секторында ұялы байланыс пен интернет қызметтерін қайта қосудан бас тартқанын хабарлады.




















