Газа секторында 2023 жылдың қазан айының жетісінен бері 45 361 палестиналық қаза тапты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің 2023 жылдың қазан айының жетісінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың 45 361-ге жеткенін мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде: “Соңғы 24 сағат ішінде сионистік армия Газа секторында үш қылмыс жасап, салдарынан 23 палестиналық қаза тауып, тағы 39 -ы жараланды. Газа секторында қаза тапқандар саны 45 361-ге жетті”, — деп жазылған.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте зардап шеккендердің жалпы саны артып, қазіргі таңда 107 803-ке жеткенін хабарлады.



















