Израильдің шабуылдары басталғаннан бері Газада балалар өлімі 10 есе артты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының есебінде айтылды.
Ұйым жаңа зерттеуінде 2023 жылдың 7 қазанында Израильдің шабуылы басталғаннан бері Газа секторындағы бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткішінің 10 есе өскенін анықтады.
Құрбандардың басым көпшілігі жарылыстардан қаза тапқан. Бұл қоршаудағы Газа секторындағы апатты гуманитарлық шындықты көрсетеді.
Ұйымқа қарасты эпицентр орталығының 2523 қызметкер мен олардың отбасыларына жүргізген зерттеуі Газадағы жалпы өлім деңгейінің соғысқа дейінгі көрсеткіштен бес есе жоғары болғанын, ал бір айға дейінгі балалардың өлімінің алты есеге өскенін көрсетті.
Мәліметтерге сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың 2 пайыздан астамы 2023 жылдың қазан айы мен 2025 жылдың наурыз айы аралығында қаза тапқан, 7 пайызы жарылыстан жарақат алған.
Нәтижелер сондай-ақ «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы қызметкерлерінің үйлеріне жасалған әуе шабуылдарында қаза тапқандардың 48 пайызы балалар, олардың 40 пайызы 10 жасқа толмағандар екенін көрсетті.
«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы бұл нәтижелердің Газадағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің деректерімен сәйкес келетінін жариялап, болып жатқан оқиғаларды балалардың өміріне жүйелі түрде мән бермеу деп атап, сионистік режимнің соғысы Палестинаның бүкіл халқын нысанаға алып отыр деп мәлімдеді.
Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары Аманде Базрул Газаның балалары жойылып бара жатқанын айтыып: «Израильдің одақтастары біздің көз алдымызда болып жатқан геноцидті тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек», — деді.












