Газадағы екі жылға созылған соғыстан кейін балалар мектепке оқуға қайта орала бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар жөніндегі агенттігі атысты тоқтату жарияланғаннан кейін Газа секторындағы кейбір мектептердің қайта ашылып, балалардың біртіндеп сабаққа орала бастағанын мәлім етті.
UNRWA басшысы Филипп Лаззаринидің айтуынша, 25 мыңнан астам оқушы сабақтарын бастап кетті. Ал тағы шамамен 300 мың бала онлайн түрде білім алуды жалғастырады.
Газаның орталық бөлігіндегі батыс Нусайратта орналасқан әл-Хассайна мектебінде сыныптардың жетіспегеніне қарамастан, сабақтар қайта басталды.
Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс кезінде аймақтағы көптеген UNRWA мекемелері, соның ішінде әл-Хассайна мектебі де үйлерінен айрылған жүздеген отбасыға баспана болды.
Енді, Газада сабақ қайта жанданып, оқушылар үстел мен орындықсыз, еденде отырып сабақ оқиды. Олар екі жылдық үзілістен кейін оқуға қайта оралғандарына қуанышты.



















