Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Газа секторында сәбилердің суықтан өлуінің алдын алу үшін атысты шұғыл тоқтату қажет екенін қуаттады.
Еуразия Тудейдің Тасним агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламасында соңғы күндері Газа секторында жеті сәбидің суықтан қайтыс болғаны жазылды.
Хабарламада: «Агенттік отбасыларға қысқы киімдер мен көрпелерді жеткізгенімен, қажеттілік өте жоғары», — деп жазылған.
UNRWA агенттігінің басшысы Филип Лазарини да X аккаунтындағы парақшасында былай деп жазды: «Газада баспанасыз қалған балалар суықта тоңып, өліп жатыр. Газаға кіруге рұқсат етілмегендіктен қыста көрпе, матрац және басқа да қажетті мүмкіндік жоқ».
Газа секторында қыс күшіне еніп тұр. Соның салдарынан қоныс аударған ондаған тұрғынның шатырлары су астында қалды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2024 жылдың соңғы күні Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесінің күйреуі туралы ескерту жасап, Газа ауруханалары өлім тұзағына айналғанын мәлімдеген болатын.
















