Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Еуропаны АҚШ Үкіметіне қысым көрсетуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, жұма күні Анналена Бербок НАТО бірлігін сақтау және Украинадағы қақтығысты әділ жолмен реттеу үшін Еуропаның АҚШ-қа қысым көрсету керектігін мәлімдеді.
Deutsche Welle агенттігі Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербоктың: “Еуропа Американың НАТО-дағы одақтастарымен бірге қалуы және Украинаға әділетсіз бейбітшілік орнатпауы үшін қысым көрсетуі керек,” -деген сөзін келтірді.
Германия Сыртқы істер министрі Киевтің келісімінсіз қауіпсіздік кепілдігі орнына Украина аумақтарының Ресейге берілетін кез келген келісімі сәтсіз болатынын ескертті.
Германия СІМ басшысы: “Шын мәнінде бопсалау және капитуляция болып табылатын жалған бейбітшілік — бейбітшілік емес. Бұл зорлық-зомбылық пен соғыстың күшеюіне негіз жасайды”,- деді.
Бербок сөзінің жалғасында Украинаға қажет қолдау көрсетуге берік ұстанымын білдірді.


















