Гонконг поштасы АҚШ- на жіберілетін тауарларды қабылдауды тоқтатады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚШ Үкіметі 2 мамырдан бастап Гонконгтан АҚШ-қа пошта жіберілімдері үшін бажсыз жеткізілімді алып, пошта жөнелтілімдеріне тарифтерді көтеретінін мәлімдеді.
Гонконг поштасының веб-сайтында жарияланған мәліметте: “АҚШ салған салық — ақылға сыймайтын салық. Олар қорқыту арқылы әрекет етіп, тарифтерді теріс пайдалануда. Гонконг поштасы АҚШ-нан ешқандай баж салығын алмайды және осы елге бағытталған пошта жөнелтілімдерін қабылдауды тоқтатады”,-деп айтылған.
Мәлімдемеде айтылғандай, Гонконг поштасы АҚШ-қа құрлық пен теңіз арқылы жеткізілетін тауарлар салынған жолдамаларды қабылдауды 16 сәуірден, ал 27 сәуірден бастап әуе поштасы арқылы жолдамалар жіберуді рәсімдеуді тоқтатады.
Сонымен қатар, хабарламада: “Гонконг тұрғындары АҚШ-на сәлемдемелерді жіберген кезде Вашингтонның негізсіз және агрессивті әрекеттеріне байланысты шамадан тыс және негізсіз алымдарды төлеуге дайын болуы керек”, — деп жазылған.
Гонконгтың бұл шешімі құжаттарды пошта арқылы жіберуде ешқандай кедергі келтірмейді.



















