Грекия адамдардың Айда тұрақты болуына бағытталған Artemis бағдарламасына қосылды.
Nasa ресми сайтының мәліметінше, келісімге NASA әкімшісі Билл Нельсон мен Грекияның Сыртқы істер министрі Георгиос Герапетритис қол қойды.
Сондай-ақ, қол қою рәсіміне АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, NASA әкімшісінің орынбасары Пэм Мэлрой және Грекия ғарыш орталығының президенті, Афина университетінің профессоры Иоаннис Даглис қатысты.
Қол қою рәсімі Вашингтонда Америка Құрама Штаттары мен Грекия арасындағы бесінші стратегиялық диалог барысында жүзеге асты.
Осылайша, Грекия Artemis келісімдеріне қол қойған 35-ші ел атанды.
Artemis — NASA ғарыш агенттігі басқаратын америкалық Айды зерттеу бағдарламасы.













