Археологтар Грекияның көне Нотион қаласынан Иранның алтын монеталарының топтамасы бар балшық құмыра тапты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, археологтар көне Нотион қаласында жүргізген қазба жұмыстары барысында үй ауласынан Иранның алтын монеталарының топтамасы бар балшық құмыраны тауып, тарихи маңызы зор жаңалық ашты.
Бұл құмыраның ішінде б.з.д. V ғасырға жататын Ахеменилер дәуіріндегі ежелгі Иранның қаржылық және әкімшілік қуатының символына айналған “тізе бүккен садақшы” бейнеленген парсы монеталары болған.
Зерттеушілердің пайымдауынша, сол кездегі жауынгерлер немесе жоғары лауазымды адамдар бұл монеталарды жалақы ретінде алып, оларды қиын қыстау күнге сақтап қойған болуы мүмкін. Сол кездегі сарбаздар бір айлық қызметі үшін бір монета алғандықтан бұл қазына жоғары лауазымды адамға тиесілі болғанға ұқсайды.
Ахеменилердің алтын монеталары бүкіл Иран аумағында б.з.д. VI ғасырдың соңынан бастап империя құлағанға дейін ресми валюта ретінде қолданылған. Олардың дизайны ғасырлар бойы өзгермеген. Бұл монеталар Нотион қаласынан шамамен 100 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан Сарды қаласында соғылған.
Сарды қаласы сол кезеңде әлемдегі ең маңызды монета соғу орталықтарының бірі болған.


















