Израиль Трамптың Газадағы атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату жоспарын мақұлдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бүгін, жұма күні Израиль министрлер кабинеті АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы атысты тоқтату және бейсенбі күні Мысырдың Шарм-эль-Шейх демалыс курортында келіссөзшілер келісімге келгеннен кейін кепілге алынғандарды босату туралы жоспарын мақұлдады.
Бұл туралы премьер-министр Беньямин Нетаньяху кеңсесінің қысқаша мәлімдемесінде айтылған.
Аты-жөнін жасырған Израильдің лауазымы жоғары тұлғасы келісім бойынша атысты тоқтату келісімі үкімет бекіткеннен кейін бірден басталуы керек екенін айтты.
Сондай-ақ, Израиль үкіметінің өкілі алғашқы 24 сағаттық шегінуден кейін 72 сағаттық кезең басталатынын, соның барысында Израильде қалған барлық кепілге алынғандар біртіндеп босатылатынын айтты.
Келісім күшіне енгеннен кейін 72 сағат ішінде тірі және өлген израильдік кепілге алынғандарды босатуды көздейді.
Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС қозғалысы Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңі бойынша келісімге келді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 8 қазан күні Truth Social сайтында жазды.



















