Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян cауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл жөнінде тараптар ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы аясында өткен кездесу барысында талқылады.
Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, құқықтық базаның маңызды салаларды қамтитыны және тараптардың өзара мүдделі салалардағы әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретіні баса айтылды.
Сонымен қатар, тараптар сауда, инвестиция, «жасыл» энергетика, өнеркәсіп, соның ішінде өнеркәсіптік кооперация салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлді.
Сонымен қатар, Эмомали Рахмон мен Никол Пашинян тауар айналымын арттыру, қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып өзара сауданы кеңейту, сондай-ақ сауда форумдарын ұйымдастыру, Біріккен Ұлттар Ұйымын қоса алғанда, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.



















